Сұрақ: Аллаһ дүниеде өмір сүрген көптеген дінсіз адамдарға неліктен иман ниғметін бермейді?
Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:
Аллаһу та’аланың файздары (нұрлары), ниғметтері, ихсандары (сыйлары)...
Сұрақ: «Хижри мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» делінеді. Ақыр заман пайғамбарымыздың келуімен басталмады ма?
Жауап: Иә. Мұхаммед алейһиссаламнан кейін басқа пайғамбар келмейді, қияметке дейін Оның білдірген ислам діні ғана дұрыс дін болады.
Екiншi шарт
Перiштелерге иман
Уә Мәлаикатиһи: Аллаһу та’аланың перiштелерiне сендiм деу. Олар да Аллаһу та’аланың құлдары. Барлығы Аллаһу та’аланың әмiрлерiне мойынсұнады. Күнә iстемейдi. Еркек пен әйел болып бөлiнбейдi, үйленбейдi, iшiп-жемейдi, ұйықтамайды. Олар нұрдан жаралған, ақылды. Бұлардың ең үлкендері төртеу.
Қасиетті кітаптар, тарихи деректер мен қазірге дейін жеткен еңбектер зерттелетін болса, бір Аллаһқа иман келтіруді бұйыратын дін болған исламның Адам пайғамбардың кезінен бері бар екендігі аңғарылады. Адам (алейһиссалам)пайғамбардан Ибрахим алейһиссаламға дейінгі уақыт ішінде көптеген пайғамбар келген. Аллаһу та’ала оларға сухуфтар (кітапшалар) жіберген. Атақты жүз сухуфтың оны Ибрахим алейһиссаламға жіберілген. Тарихшылардың айтуынша, Ибрахим пайғамбар б.д.д. 2122 жыл бұрын Фырат (Евфрат) пен Дижле (Тигр) өзендері арасындағы бір елді мекенде туылып, 175 жыл өмір сүріп, Құдыс маңындағы Халилуррахман деген жерде дүние салған. Ибрахим алейһиссаламның өгей әкесі - Азар. Өз әкесі Тарух Ибрахим кішкентай кезде қайтыс болып кеткен. Азар пұт жасайтын шебер болған.
Сұрақ: Дініміз бойынша некенің сахих болуы үшін, шарттары қандай?
Жауап: Бұл шарттарының біріншісі – мұсылман қыздың мұсылман еркекке үйленуі. Мұсылман болмаған еркекке үйлене алмайды. Үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады. Өйткені Аллаһу та’ала «Үйленуге болмайды» деген. Үйленген адам осы әмірге қарсы шыққан болады. Мұсылман еркек те дәл осылай мүшрик, дінсіз әйелге үйлене алмайды. Ол да үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады.
Төртiншi шарт
Пайғамбарларға иман
Уә Расулиһи: Аллаһу та’аланың Пайғамбарларына сендiм деп айту. Пайғамбарлар халықты Аллаһ ұнатқан жолына қауыштыру, әрi тура жолды көрсету үшiн таңдалған адамдар. Бүкіл пайғамбарлар үмбеттерінбiр иманға шақырған, яғни бүкіл діндерде иманның шарты бірдей болған. Пайғамбарларда жетi сипаттың бар екендiгiне сенуiмiз керек.
Аллаһу та’ала әһли сүннет ақидасына сәйкес иман еткенмұсылмандарға разы. Бұл сенімнің бiрнеше шарттарын Әһли сүннет ғалымдары былай деп түсiндiрiп бередi:
1. Иманның алты шартына, яғни Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне, серігі, теңі жоқтығына, перiштелерiне, кiтаптарына, пайғамбарларына, ахырет күнiне, жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’ала тарапанынан болатындығына сену керек. (Бұлар амәнтуде айтылған).
2. Аллаһу та’аланың соңғы кiтабы болған Құран Кәрiмнiң, Аллаһтың сөзi болғандығына сену.
Пайғамбарымыз алейһиссалам осы дағуаттарынан кейін қай жерде жалғыз немесе жиналған адамдарды көрсе, оларға Исламды уағыздады. Шынайы бақыттың және құтылудың – нәпіске еруден, зұлымдықтан, әділетсіздіктен және де бүкіл жаман істерден аулақ болуда, Аллаһу та'алаға иман етуде екенін түсіндірді. Нәпсілерінің қолында ойыншық болғандар, шәһуаттарының құлы болғандар, кедейлер мен әлсіздерді қорлайтындар және бұзақылықты кәсіпке айналдырғандар Расулуллаһтың айтқандарына қатты қарсылық көрсетті. Олар күнделікті әдетке айналдырып істеп жүрген бұл азғын әрекеттеріне тоқтау салынатынын көріп, Мұхаммед алейһиссаламның айтқандарына мүнкір (сенбеу, мойындамау) болды. Оған және иман келтіргендерге жау болды.
Әлем надандықтың тұңғиығына батып, жан-жақты зұлымдық қаптап, адамдар барлық нәрсенің жаратушысы болған Аллаһу та’алаға иман келтіріп, ғибадат жасауды тоқтатқан еді. Адамдар ғаламда болып жатқан құбылыстар мен Хақ та’ала жаратқан нәрселерге және өз қолдарымен жонып тас пен ағаштан жасаған пұттарына табынатын еді.
Әлемді, барлық болмыстарды, адамдардың жүректерін қайғы басқан еді. Аллаһу та’аланың күллі жаратылыстардан үстем етіп жаратқан адамдардың тозақтан құтылуларына себеп болатын бір тұлға керек еді. Оның туылуына аз ғана уақыт қалған еді. Әлем Адам алейһиссаламнан сол күнге дейін таза маңдайлардан өтіп жеткен нұрдың иесін қарсы алуға дайындалып жатқан еді. Адамдар мен жындарға мәңгілік бақытты көрсететін теңдессіз ұлы адам келе жатыр еді! Мейірім пен шапағаттың қайнары болған ұлы адам келе жатыр еді!
Мүшриктер мұсылмандарды азаптап-қинағанда әйел немесе еркек деп бөліп қарамайтын. Алғашқы мұсылмандардың бірі және ешкімі жоқ Зиннирә ханым (радиаллаһу анһа) да бір күң болатын. Оның мұсылман болғанын білген мүшриктер оған да азап көрсетуден тайынбады. Зиннирә ханымды «Лат» пен «Узза» пұттарына табындыру үшін қинап, тұншыққанша буындырып, есінен танып қалғанша қинайтын еді. Соған қарамастан ол дінінен шықпады, олардың айтқандарын істемеді. Әсіресе, оны Әбу Жәһл қатты азаптайтын. Осыдан соң Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) көздері көрмей қалды. Бір жолы Әбу Жәһл оған: «Көрдің бе? Лат пен Узза сенің көзіңді көр етті» дегенде Зиннирә ханым имандылығын көрсетіп: «Ей, Әбу Жәһл! Уаллаһи, бұл сенің айтқаныңдай емес. Лат пен Узза деп отырған пұттарың ешқандай іске жарамайды, өздеріне табынғандарды да, табынбағандарды да білмейді. Менің Раббымның көзімнің нұрын беруге және мені бұрынғы қалпыма келтіруге әрине құдыреті жетеді» деді. Әбу Жәһл хазіреті Зиннирәнің берік иманына қайран қалды. Аллаһу та’ала Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) дұғасын қабыл етіп, көзі бұрынғысынан да жақсы көретін болды.